Фаранцияда жексенбі күні (24 сәуір) өткен президент сайлауында Эммануэль Макрон қайталай президент болып сайланды. Бұл сайлауда Макрон әсіре оңшылдардың лидері Марин Ле Пенді екінші рет жеңді.
Сайлау нәтижесіне сай, Макрон сайлаушылардың 58,55 пайызын, ал Ле Пен 41,45 пайыз дауысын жинаған. Дегенмен, Макрон мен Ле Пен арасындағы дауыс айырмашылығы бес жыл бұрынғы шамадан аз. Бұл француз мемлекетінде оңшылдардың жылдан жылға жоғары басымдыққа қарай өрлеп келе жатқанын көрсеткендей болды.

Француз оңшылдарының лидері Марин Ле Пен. Фото: Reuters
Жеңіс сөзін сөйлеп тұрған Макрон: «Азаматтардың көпшілігі менің идеяларымды қолдағаны үшін емес, әсіре оңшылдарды қолдамағанынан дауыс бергенін білемін. Әрі мен оларға қарыздармын, оларға рахмет айтамын», – деді. Франциядағы әсіре оңшылдардың лидері Ле Пен мен Макрон ікші саясаттан тартып, Францияның Еуропа Одағы, НАТО-мен қарым-қатынасы бойынша да ұстанымдары қарама-қайшы.
Мәліметтерге сай, кезекті сайлаудағы сайлаушылардың белсенділігі төмен болды, айталық сайлаушылардың 28,1 пайызы қалыс қалды. Бұл 1969 жылдан бергі алғашқы жағдай.
Сайлау қорытындысы белгілі бола салысымен Эммануэль Макронның атынан көптеген елдерден құттықтаулар келе бастады. Алғашқылардың бірі болып АҚШ президенті Жо Байденнен жеткен құттықтауда «Құрама Штаттар президент Макронмен екіжақты тығыз қарым-қатынасты жалғастыратынын» айтқан.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді