Сайрагүл Сауытбай ісіне қатысты сот отырысы жаңадан қосылған құжаттарға байланысты кейінге қалдырылуы мүмкін.

Сот залы. Фото: QT

Бүгін Панфилов аудандық сотында Сайрагүл Сауытбайға қатысты сот отырысы өтуі тиіс. Бірақ Сайрангүл Сауытбайға ҚР ІІМ-нің «пана іздеуші тұлғаларға» арналған арнайы құжат беруіне байланысты сот отырысы тағыда  ұзартылуы мүмкін.

Сайрангүл Сауытбайдың туыстары мен сот процесіне келген қоғам белсенділері. Фото: QT

Естеріңізге салайық, шілде айының 23-і күні өткен сот отырысында сот төрешісінің шешімі бойынша, сот процесі кейінге шегеріліп, 25 шілде күніне белгіленген. Оған қорғаушылар тарабының, қоғам белсенділерінің, зиялы қауым өкілдерінің ҚР президенті мен бас прокуратураға жазған ашық хатты сотқа ұсынуы себеп болған. Бұған қоса қорғаушы тарап айыпталушы Сайрагүл Сауытбайдың күйеуінің жеке куәлігін, заңды неке куәлігі және балаларының туу туралы куәліктерін, сондай-ақ, халықаралық балалар құқығын қорғау туралы конвенцияны тіркеуді сұраған. Ал, айыптаушы жақ аталған  құжаттармен танысуға 25 шілдеге дейін уақыт беруді сұрады. Алайда сот прокурор сұраған мерзімде Сайрагүлді қорғаушы адвокаттың алдын ала белгіленген іс-сапарына байланысты келесі сот отырысы 1 тамыз күні сағат 10:00-ге дейін шегерген.

Аталмыш сот отырысына қатысты толыққанды ақпараттарды алдағы уақытта хабарлайтын боламыз.

“The Qazaq Times”