Көпшілік жұртқа белгілі Сайрагүл Сауытбайдың ісіне байланысты сот процесі бүгін, яғни 23 шілде күні сағат 10:00 де басталуға тиісті болған. Тараптардың талабы бойынша түстен кейінгі сағат 16:00-ге ұзартылған сот отырысының шешімі жария етілді.

Сот төрешісі шешімі бойынша келесі сот 1 тамызға шегерілді. Фото: QT.
Сот төрешісінің шешімі бойынша, сот процесі кейінге шегеріліп, 25 шілдеде өтетін болды. Оған қорғаушылар тарабының, қоғам белсенділерінің, зиялы қауым өкілдерінің ҚР президентінің атына, бас прокуратураға жазған ашық хатты сотқа ұсынуы себеп болған. Бұған қоса қорғаушы тарап айыпталушы Сайрагүл Сауытбайдың күйеуінің жеке куәлігін, заңды неке куәлігі және балаларының туу туралы куәліктерін, сондай-ақ, халықаралық балалар құқығын қорғау туралы конвенцияны тіркеуді сұраған.

Айыпталушы, Сайрагүл Сауытбай. Фото: QT
Ал, айыптаушы жақ аталған құжаттармен танысуға 25 шілдеге дейін уақыт сұрады. Алайда бұл сұраған уақытқа Сайрагүлді қорғаушы адвокаттың алдын ала белгіленген іс-сапарына байланысты келесі сот отырысы 1 тамыз күні сағат 10:00-ге дейін кешіктірілген.
Сот процесіне қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері және саясаткерлер қатысты.

Фото: QT

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті