Қазақстанның ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымовтың орнына Ерлан Тұрғымбаев тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Соңғы бір жылдың ішінде Қалмұханбет Қасымовты отставкаға кетсін деген талап тұрғындар арасында кеңінен белең алғандығы рас. Денис Теннің қазасы, Қарағандыдағы қанды оқиға мұның барлығында елдегі тәртіптің дұрыс емес екендігінің айқын дәлелі. Әйтсе де, Қасымов өзінің жылы орнын босата қоймады.
Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев 1962 жылы Алматыда туған.
Заң ғылымдарының кандидаты (2004), полиция генерал-майоры. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1984) заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қаржы және несие факультетін (2003) экономист мамандығы бойынша бітірген. 1984 жылдан - Қарағанды облыстық ІІБ Саран ауданының ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел өкілі. 1986 жылдан - Алматы қалалық ІІБ Алатау АІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі, аға тергеушісі, тергеу бөлімі бастығының орынбасары, ІІББ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары. 1993 жылдан - Алматы қалалық ІІББ Тергеу басқармасы бастығының орынбасары. 1995 жылдан - Алматы қалалық ІІББ Калинин АІІБ бастығы. 1996 жылдан - Алматы қаласы Калинин ауданы бойынша МТК ББ бөлім бастығы. ҚР Мемлекеттік салық комитетінің Салық полициясы бас басқармасында Салық тергеулері басқармасының бастығы. 1997 жылдан - Алматы қалалық ІІББ Тергеу басқармасының бастығы, Алматы қалалық ІІББ Жетісу АІІБ бастығы, Алматы қалалық ІІББ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары. 2000 жылдан - ҚР ІІМ 9-шы департаментінің бастығы. 2002 жылдан - ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы. 2003 жылдан - СҚО ІІБ бастап 2006 жылдан - ҚР ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы. 2006 жылдың шілде айынан бері- Алматы қаласының ІІД бастығы.