АҚШ-та үш бірдей Қазақстан азаматы қамауға алынды – деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.
Нью-Йорк прокуратурасы таратқан ақпарат бойынша, тәртіп сақшылары 25 адамнан құралған алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топты ұстаған. Олардың ішінде Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Ресей, Грузия, Украина, Латвия және АҚШ азаматтары бар. Нью-Йорк полициясының мәліметінше, қылмыстық топ өкілдері осы уақытқа дейін ғаламторға автокөлік сатуға байланысты жалған жарнама беріп, сатып алушылардан алдын ала жарна алу арқылы заңсыз пайда тауып келген. Алаяқтардың арбауына түскен азаматтардың шығыны 4,5 миллион долларды құраған.
АҚШ заңына сәйкес, ұсталған 25 азамат өз ара келісім жүргізу арқылы алаяқтықпен айналысқаны үшін 30 жылға және аса ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды