Беларусь президенті Александр Лукашенко ресми іс-сапармен Тәжікстанға барды.

Тәжікстан президент әкімшілігіның мәліметінше, бүгін Беларусь президенті Александр Лукашенко ресми іс-сапармен Душанбеге барған. Оны әуежайдан Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзода күтіп алған. Іс- сапар барысында Александр Лукашенко өзінің тәжікстандық әріптесі Эмомали Рахмонмен кездесіп, екі жақтық қарым-қатынас, сауда-экономикалық әріптестік, бірлескен инвестициялық жобалар және өнеркәсіптік кооперация салаларын дамытуға байланысты келіссөздер жүргізеді деп күтілуде.

Беларусь сарапшыларының пікірінше, Александр Лукашенконың бұл жолғы ресми іс-сапары елдің экономикалық әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Ресми Минск Ресейге салынған санкциялардан кейін сауда нарығын кеңейтуді көздеуде.

“The Qazaq Times”