28 шілде күні Ресей қарулы күштері Украинаның солтүстік-шығыс аумағына әуе соққыларын күшейткен, шабуылда Беларусь жерінен де зымырандар атылғаны мәлім болды, бұл туралы Украина Бас Штабы мәлімдеді.
Кеше таң сәріден бастап Украинаның Чернигов, Киве облыстарына қоса Кончаров аймақтарына 20-дан астам зымыран шабуылдары жасалған. Зымырандардың бір қатарын Украинаның әуе қорғаныс жүйесі атып түсірген. Әуе шабуылдардың келтірген шығыны туралы әлі де толық мәлімет жоқ.
28 шілденің таңында Беларусь жерінен 20-дан астам зымыран ұшырылғаны туралы мәліметтерде беларусьтық ақпарат көздері де хабарлаған болатын. Беларусьтағы Ресей әскерлерін қадағалап келе жатқан белсенділер әлеуметтік желіде зымырандардың Гомелдиндегі әскери әуе базасынан атылғанын жазған.
Кейбір сарапшылар Ресей қарулы күштерінің кезекті күшейтілген әуе шабуылдарын Украинаның мемлекет күніне орай ұйымдасытырған жауабы деп санайды. Беларусьтың елдегі және шетелдегі оппозиция күштері Украинадағы соғысқа Беларусь жерінің пайдаланылуына қарсылығын бірінеше рет білдірген болатын.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?