Ресеймен Қазақстан арасында соғыс болмас, себебі соңғы он жылда Ресейде экономикалық стагнация күшейіп келеді, ал соңғы төрт жылда халықтың тұрмыс жағдайы төмендеді. Ресей екі соғысты басынан өткеруде – Сүрия мен Украина. Бірақ кезінде әскери қуаты сарқыла бастаған гитлерлік Германия өзінің одақтасына Италияға шабуыл жасаған. Мүмкін Ресей өзінің жәйсіз жағдайын келесі соғыспен мобилизациялау жасағысы келмек. Қалай болса да біз өзіміздің ұлттық қауіпсіздігіміздің жағдайын жан-жақты ойластыруымыз керек. Сол мақсатпен берік халық жігері, қуатты әскер ғана біздің одақтасымыз. Путин стратег емес, ол – тактик, ол қысқа мерзімді жетістікті аңсайтын адам. Украинаны Ресей оккупациясының ащы сабақтары-салыстырмалы талдау: Қазақстанға Ресей қауіпінің белгілері:
- Біздің билікті ыдырату мақсаты маңызды мақсат деп есептеледі, немесе елбасын бұрыс шешімдерге итермелеу мақсатымен ақпараттық әрекеттер ойластырылады. Біздің биліктің ішіндегі қазақ ресейшілдерінің сатқындық пен опасыздығының әрекеттерінің өршуі;
- Қазақстан билігінің Ресейшіл персоналары Қазақстанның әскери қосындарына, ҚР ІІМ Ресей әскери қосындарына әскери қарсылық көрсетпеу туралы әмірлер қайта қайта түсе береді. Естеріңізде болса Украинада 2014 жылы шекарада украин әскері тосқауыл бола алған жоқ;
- Ресей масс медиясы ақпараттық соғыс жүргізеді: фейк тарату, қазақ билігін халық алдында дискредитациясына қатты кіріседі;
- Қазақстандағы орыс жұртшылығы "төзгісіз жаншылып жатыр, оларға қатты қысым жасалуы мен тілден кемсітілуі" туралы телесюжеттер Ресей теледидарында қаптайды да бізге трансляцияланады;
- Ниеті бөтен баспасөз Ресей әскерімен қантөгіске бармаңдар, қарсылық көрсетпеңдер деп қайталай беретін болады;
- Ресейшіл кемпірлер мен әйелдер әрекеттері ұйымдастылады. Олар Қазақстан гарнизондарын қоршап оларға бауырлас халық- орыс әскерімен "қантөгіске бармауды талап етеді", истерикалық шабуыл жасайды;
- Батыс елдері дипломаттары мен басшылары Ресеймен қантөгіске бармай ымыраласуды сұрайды;
- Біздің әскери гарнизондар қалаларда әскери герилья тактикасын пайдалануы керек. Яғни қалаларға кірген жау әскерін әскерінің техикасын арнайы дайындалған топтар оларды жандырып отырады...
Қазақстан кездейсоқ агрессияға ұшыраса, қауіп төнген кезден бастап коплекстік шұғыл шаралар талап етеледі: әскери жағдай жәриялау. Әскери жағдайдың стандарттық талаптары бар. Ол жеке әңгіме.
Әзірше биліктің қазақты солтүстік өлкелерге көшіру, қалаларда әскери гарнизондарды орналастыру, пәтерлерді контракта отырған гарнизон сержанттары мен прапорщиктері мен офицерлеріне беру шаралары маңызды. Маңызды шара-НАТО ның озық қаруларын сатып алу, олардың бір бөлігін өзімізде өндіру және әскери техниканы өзімізде құрастыру технологиясын игеру. Ресеймен соғыс бола қалса, өткір шайқастар фазасы - ол ұзақ мерзімге созылмайды- мөлшері : 1.5-2 жыл, бірақ ымыраласу кезеңі ұзағыраққа созылып кету мүмкін-2.5-3.5 жыл. Құдай қазақ елін соғыстардан сақтасын.
“The Qazaq Times”