Кеше, 20 сәуір күні Алматыдағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрында, қазақтың аймаңдай ақыны, қасиетті Шыңғыс таудың тумасы Тыныштықбек Әбдікәкімұлының шығармашылық кеші болып өтті.
Кеш шымылдығын "Отырар сазы" оркестрі ашып, ары қарай Т. Әбдікәкімұлының өмір мен өлеңдегі ағалары, құрбы-құрдас замандастары, ақын бауырлары кеш иесінің өлең-жырларын оқыды. Жәркен Бөдеш, Исраил Сапарбай, Әбубәкір Қайран, Темірхан Медетбек, Қасымхан Бегманов қатарлы ақындар бастап, Бауыржан Жақып, Мұрат Шаймаран, Жарас Сәрсек, Жанат Жанқош, Дәулеткерей Кәпұлы, Алмас Темірбей, Ақберен Елгезек, Бауыржан Қарақыз, Ерлан Жүніс, Ықылас Ожай, Ырысбек Дәбей, Мерей Қарт қатарлы ақындар Тыныштықбек жырларын жыр сүйер қауымға жеткізді.
Шығармашылық кеш биік деңгейде өтіп, Алматыдағы және алыс жақындағы жыр сағынған жұрттың шөлін қандырды.
Болмысы бөлек, әдебиеттегі қалам ізі анық, айбыны асқақ ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлына шығармашылық табыстар тілейміз!