Адам құқықтарын қорғау ұйымы Сүрияда наурыз айында болған қақтығыстардан қаза болғандар санына қатысты мәліметтер жариялады. Мәліметке қарағанда, наурыз айында Башар Асад режимі, Ресей және YPG/PKK қарулы топтары қатарлы тараптар 54 рет шабуыл жасаған. Салдарынан 783 жазықсыз бұқара қаза тапқан. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Хабарда көрсетілуінше бір ғана наурыз айында қаза тапқан 800-ге жуық адамның 198-і балалар, 138-і әйелдер. Шығыс Гутаға бағытталған 40 реткі шабуылдың 39-ы Башар Асад үкіметі жағынан жасалған. Осы мерзім ішінде жалпы Сүрия көлемінде Ресей қарулы күштері 4 рет, YPG/PKK қарулы топтары 2 рет, Сүриядағы өзге қарулы күштер 8 рет шабуыл жасаған. Әр реткі шабуылда ең кемінде 5 бейбіт тұрғындар қаза тауып отырған.
Сүрия адам құқықтары ұйымы Башар Асад режимі жағынан жасалған шабуылдарды баса айыптап, 142 бала мен 105 әйелді қамтыған 620 бейбіт тұрғынның қазасын арқалағанын айтты.