Өткен сенбіде, 29 ақпан Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Мәскеуге қарата мәлімдеме жасады. Ол Мәскеуді Сүрияға араласуын тоқтатуын және Түркияның Башар Асад күштеріне соққы беруіне кедергі келтірмеуге шақырған.
Президент Ердоған сөзінде өз жақтастарына қарата: «Түркия Сүрияға Башар Асадтың талабы бойынша емес, Сүрия халқының өтініші бойынша кірді», – деді. Ол сондай-ақ, Түркия армиясы Идлибте қаза болған 34 түрік жауынгерінің кегін алатынын қайталады.
Сүриядағы қақтығысты бақылап отырған ақпарат арналары Түркияның Идлиб пен Алеппо маңындағы қайтарма соққысы кезінде Башар Асад күштеріне қарасты 26 жауынгердің қаза тапқанын мәлімдеген.
Сүриядағы адам құқықтарын қорғау ұйымдарының мәліметінше, Анкараның соғысқа араласпауға шақырғанына қарамастан Ресей әуе күштері Башар Асад күштеріне қолдау көрсетіп жатқанын айтады.
Түрік пен орыс лауазымдылары арасында Идлиб мәселесіне байланысты келіссөздер болғанымен, соғыс тоқтату туралы келісімге қол жеткізе алмады. Түркия СІМ тарабының мәліметіне қарағанда 5 наурызда Түркия мен Ресей президенттері кездесу өткізбек.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес