Alta Motors компаниясы кез келген жолдарда жүретін электрикалық мотоциклдің концепциясын ұсынды. Бұл туралы Naked-science хабарлады.
Араға бірнеше айлар салып, стартап Alta Motors өзінің тұңғыш мотоциклдерін нарыққа шығарған. Сонымен қатар, электр қуатымен жүретін мотоциклдің концепциясын ұсынды. Оның жасалуына платформа ретінде компанияның бірінші өнімі – Redshift мотоциклі болмақ.
Бірінші өндірістік объектіні жасап шығару мен дилерлік желі ұйымдастыру үшін, сондай-ақ Redshift мотоциклінің алғашқы моделін жасап шығару үшін, Калифорниялық Alta Motors стартапына 6 жылдан аса уақыт қажет болды. Бұл – жеңіл электрлі мотоцикл «жолсыз» (жол салынбаған) жерлерде жүруге арналған. Екі түрі бар: Біріншісі, мотокроссқа арналған нұсқасы – MX. Екіншісі, ұзақ жолға арналған – SM. Айта кетейік, бұл мотоцикл моделдері арнайы мотожарыста жеңіске жеткен жүргізушінің арқасында танымал болды. Себебі, ол қатысушы дәл осы Redshift-ті пайдаланған.
Street Tracker мотоциклдерінің анонсы Facebook-тегі Alta Motors ресми парақшасында көрсетілді. Өкінішке орай, дайындаушылар концепттің тек бір суретін ғана көрсеткен және арнайы белгілері туралы еш ақпарат бермеген. Дегенмен, жаңа электрлі мотоцикдің өзін (жоғарыда тек концепсиясын ұсынды деген болатынбыз) 10-12 ақпанда, One Moto Show-да көрсетпек.
“The Qazaq Times”