Еуропалық Одақ телефондар, планшеттер, ноутбуктер және басқа да электронды құрылғылардың барлық өндірушілерін бір зарядтау порты стандартына - USB Type-C стандартына көшуді міндеттегелі отыр. Аталмыш ереже, 2024 жылдың күзінен бастап жүзеге асырылуы мүмкін. Ереже енгізілгеннен кейін басқа зарядтағыштары бар құрылғылар ЕО аумағында сатылмайтын болады.
ЕО белгілеген бұл ереже ең алдымен өз құрылғылары үшін Lightning қуаттағыш портын қолданатын америкалық Apple компаниясына әсер етпек. Компания бұл бастамаға қатты қарсылық танытып келеді. Әдетте оның iPhone зарядтағыштары көптеген Type-C зарядтағыштарынан қымбатырақ. Apple компаниясы сейсенбі күні еуропалық құрылымдар арасындағы келісімге қатысты түсініктеме бере алмайтындарын мәлімдеді. Бұған дейін Apple бір портқа көшу «инновацияны тұншықтыратынын» айтқан.
Еуропарламент пен Еуропа кеңесінің өкілдері бұрын радиотехникаға қатысты директиваны келіскен болатын. Іс жүзінде бұл ЕО ноутбуктерге, телефондарға, планшеттерге және басқа құрылғыларға арналған зарядтау порттарының бірыңғай стандартын енгізуге бір қадам жақындағанын білдіреді.
Электронды құрлығыларды ортақ бір қуаттағыш стандартына келтірудің өзіндік қиындықтары да бар. Айталық, арнайы сағаттар немесе FitBit білезіктері сияқты ең кішкентай құрылғылар да болады. Сондай-ақ Еуропада олар құрылғылардың кез келген кабель арқылы жылдам зарядталуы үшін зарядтау жылдамдығын стандарттауды қалайды.
Ереже мыналарға қолданылады:
Ұялы телефондар
Планшеттер
Құлаққаптар
Портативті ойын құрылғылары
портативті динамиктер
Бұл ереженің ноутбук өндіруші компанияларға да әсер етері анық, бірақ олардың өндірушілеріне жаңа ережелер күшіне енгеннен кейін өндірісті бейімдеу үшін 40 ай уақыт берілмек. Сонымен қатар, құжат сатып алушыларға құрылғыны зарядтағышпен немесе зарядсыз сатып алуды таңдау құқығын беруі керек деген ережеде қарастырылған.
«Бұл заң ЕО-ның өнімдерді тұрақты етуге, электронды қалдықтарды азайтуға және тұтынушылардың өмірін жеңілдетуге бағытталған жалпы күш-жігерінің бір бөлігі», - делінген Еуропарламент мәлімдемесінде.
Парламентарийлердің айтуынша, бұл тұтынушыларға зарядтағыштарды сатып алудан жылына 250 миллион еуроға дейін үнемдеуге көмектеседі, ал қалдық көлемі жылына 11 мың тоннаға азаяды.
Бейсенғазы Күмісжан


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді