"The Wall Street Journal"-дың хабарлауынша,Volkswagen автокөлік өндіруші компаниясына қарасты сәулетті автокөліктер өндіруші Audi компаниясы NVIDIA-мен бірлесіп толықтай автоматтандырылған автокөлік жасау ісін дамытуды қолға алған. Сол арқылы автокөлік өндіруші және технология компанияларымен тың әріптестік орнатпақ.
Сәрсенбіде, «Ауди» компаниясы: NVIDIA-мен ресми селбестік орната отырып көлік жүргізуді толықтай автоматтандыру жобасын қолға алдық, межемен мұндай жүргізушіні қажет етпейтін автокөліктер 2020 жылы базарға салынатын болды деп хабарлады. Бұл хабар 2017 жылғы халықаралық электроника тұтынушылар көрмесінде белгілі болды. Лас-Вегастағы ғылым-технология өнімдер көрмесіне әлемдегі көптеген көлік жасаушы және жабдықтаушы компаниялар қатысты. Олар осы арада жаңа технологиядағы тың талпыныстар мен жетістіктерін ортаға салды.
Осыдан бұрын Ауди мен NVIDIA-ның кеңейтілген ынтымақтастығы арқылы «Кептелісті бақылау навигациясы» деп аталатын жартылай автоматтандырылған жүргізу жүйесін жасаған болатын. Бұл құрлығы осы жылдың соңына қарай Ауди-А8 көліктеріне орнатылатын болады. Құрлығыда пайдаланылған, NVIDIA-ның ақпараттық және бағдарламалық драйверлері керек болған жағдайда сағатына 60 шақырымдық жылдамдықпен автоматты түрде көлік жүргізе алады. Селбескен тараптардың ортақ пікірі: болашақта бұл құрлығы арқылы бағдарламалық құралды жаңартып, адамды қажет етпейтін автокөлік жүргізу ісін жүзеге асыруға әбден болады дегенге тоқталады.
Егер бұл жоба жүзеге асса, барлық әлеуметтік және жеке автокөліктерге арнаулы жүргізушінің қажеті қалмайды. Алайда біздің ойымызша бұл жүйе жалпыласса, жол құрлысы дамыған елдерге ғана жарамды болары анық. Жаңа технологиялар ойлап-табылып, адамдардың қолын жұмыстан босатқан сайын жұмыссыздар санының артатыны тағы бар. Құрлығы іске қосылып, автокөліктер мен әлеуметтік тасымал көліктері жүргізушілерді қажет етпесе әлемде миллиондаған адам жұмыссыз қалады. Бұл бізге болашақ қоғамдағы тың күрестің көрнісін көрсетіп тұр. Түптің түбінде адамдар өзі жасаған қолтемірлермен күресіп жататын кинодағы оқиғалар түрін өзгертіп біздің адамзат қоғамында жүз беруі әбден мүмкін.
“The Qazaq Times”