Ресей мен Батыс елдері арасындағы қарым-қатынас салқындай түсті. Мәскеу мен Лондон арасындағы жанжалда АҚШ бастаған Батыс елдері Лондон тарабына қолдау көрсетті. Осы аптада халық аралық ақпарат кеңістігінде АҚШ-Қытай сауда соғысы мен Ресей мен Батыстың дипломатиялық соғысы ең қызу тақырыпқа айналды. Апта басында АҚШ бастап ресейлік дипломаттарды, барлау агенттерін елден қуды. 22 елдің Ресей барлау қызметкерлерін елінен қуалауына осыдан бұрын бұрынғы ресейлік барлау агентінің Британияда қастандыққа ұшырауы себеп болды. Лондон болса бұл шабуылдың артында Мәскеу тұрғанын алға тартқан.
130-дан астам ресейлік дипломаттардың Батыс елдеріне қуаланды болуы, «Қырғи қабақ соғыс» жылдарынан бер алғаш рет болып отыр. Ресей мен Батыс арасындағы қайшылық ұлғайып, «жаңа қырғи-қабақ соғыс» пайда болды деген бағалаулар көптеп айтылуда.
«Қырғи қабақ соғыс» деген не?
Бұл термин Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін пайда болған. 1945 жылдан 1989 жылдар арасындағы Кеңес одағы мен Құрама Штат арасындағы бәсекелесуді меңзейді. Бұл соғыстың басталуын көрсететін нақты дата жоқ. Тарихшылар Екінші дүние жүзілік соғыстың ақырласқан уақытынан бастап көрсетеді. Екі тарап ядролық соғыстың туылуынан алаңдап, бетпе-бет соғыс ашпады, бірақ барлық жақта бәсекелес болды. Тарихта ол капитализм мен коммунизм арасындағы теке-тірес ретінде бағаланды. Кеңес одағы мен АҚШ әлемге өз режимін таратуға тырысқан.
Қырғи қабақ соғыс жылдарында АҚШ пен Батыс елдері НАТО-ны құрды. Оған қарсы Кеңес одағы Шығыс Еуропалық одақтастарымен бірге «Варшава келісімін» жасасты. Екі тарап Үшінші дүние соғысының туылуынан алаңдап, ашық ұрыс қадамдарын жасамады, алайда, соғыс қаруларын, әскери техникаларды жарыса дамытты. Екі тарап та бір уақытта құрлықаралық ядролық зымыран жасап шығарды және бір уақытта зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін сынақтан өткізді. Куба мәселесі бойынша екі тарап ядролық соғыс қауіпіне де жақын келді. Бірақ АҚШ пен Кеңес одағы да бұл соғыстың білтесін тұтатуға батылдық етпеген. Дей тұрғанмен, олар Ауғанстан, Вьетнам қатарлы жерлерде бір-біріне құқай көрсетіп, қарулы күштерінің қуатын көрсетіп тұрды.
«Жаңа қырғи қабақ соғысы»
Батыс пен Ресей арасында қалыптасқан қазіргі жағдайды бағамдайтын болсақ, қырғи қабақ соғысы жылдарындағы жағдайға қатты ұқсайды. Қырғи қабақ соғыстың соңғы жылдарында АҚШ пен Кеңес одағы дипломатиялық соғыспен жауаптасқан еді. Айталық, бір-бірінің дипломаттарын елден қуып жарысқан. 1986 жылы АҚШ-тың сол кездегі президенті Рональд Рейган Кеңес одағының 80 дипломатын елден қуған және оның бесеуін тыңшылықпен айналысқаны үшін айыптаған.
Батыстың кейбір эксперттері бұрынғы ресейлік барлау агенті Сергей Скрипалға жасалған қастандық ісін Кеңес билігінің кейбір әрекетіне ұқсатады. Дегенмен, мұндай әрекеттер Қырғи қабақ соғыс жылдарынан бұрын да болған.
Бірақ, кейбір сарапшылар Кеңес одағы мен бүгінгі Ресей билігі арасындағы және ол кездегі әлем елдерінің жағдайымен салыстыра отырып бұны жаңа қырғи қабақ соғысы деуге келмейтінін айтады. Айталық, Кеңес одағынан көрі Ресей экономикасы әлемдік экономикамен тығыз байланыста. Сондықтан да Батыстың экономикалық қысымдары Ресейге көбірек әсер етеді.