Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Ауғанстан билігі мен Талибан қозғалысын тікелей диалогқа келуге шақырды.
Ташкент қаласында өтіп жатқан «Ауғанстан дағдарысын реттеу» конференциясының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Шавкат Мирзиеев: «Ауғанстанның ішкі саясатында ресми Кабул мен оппозициялық топтар, оның ішінде «Талибан» қозғалысы ешқандай талапсыз тікелей диалог орнатуы тиіс. Бұл мәселені кейінге қалдырмау керек. Өйтпеген жағдайда тағыда мыңдаған адамның қаны төгіледі» - деген.
Естеріңізге салайық, қазіргі таңда Ташкент қаласында «Ауғанстан дағдарысын реттеуге» байланысты халықаралық конференция өтуде. Өзбекстан ресми органдарының мәліметінше, конференцияға Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері, Еуроодақ сыртқы саясат қызметінің басшысы Федерик Могерини, АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси істер бойынша орынбасары Томас Шенон, БҰҰ төрағасының Ауғанстан бойынша арнайы орынбасары Тадамичи Ямамото және Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров қатысуда. Бұдан бөлек Өзбекстан астанасына Ауғанстан, Пәкістан, Ұлыбритания, Германия, Италия, Франция, БАӘ және Жапониядан арнайы өкілдер ат басын бұрған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?