Оңтүстік Кореяны 2009-2013 жылдар аралығында басқарған президент Ли Мюң Бак (Lee Myung-bak) "билігін асыра пайдаланды, пара алды" деген күдікке ілінді. Сәрсенбі күні ол Сеулдегі Орталық прокуратураға тергеуге шақырылған. Бұл туралы "Ренхап" агенттігі хабарлады.
Агенттік мәліметінше, Ли Мюң Бак президенттік сайлауға түскен кезінде және қызметте болған бірінші жылында "Оңтүстік Кореяның Ұлттық бақылау комитетінен және Samsung компаниясы мен басқа да компаниялардан пара түрінде 11 млрд вон (10,3 млн доллар) алды" деп айыпталып отыр.
Сондай-ақ, ол автокөлік бөлшектерін шығаратын DAS компаниясының негізгі иесі болуы мүмкін, алайда аталған компанияның құжаттары оның ағасының атына тіркелген. Тергеу жұмысына қарағанда, Ли Мюң Бак бұл компанияны өз активтерін жасыру үшін пайдаланған.
Бұдан бөлек, прокурорлардың сөзінше, Ли өзінің президенттік билігін асыра пайдаланған. Ал елдің бұрынғы басшысы болса, барлық айыптауларды теріске шығарып, бұл "қазіргі әкімшілік биліктің саяси әрекеті" деп атады.
Ли Мюң Бак – қылмыстық дауға қалған Оңтүстік Кореяның төртінші президенті. Оңүстік Кореяда басшылықта болған 7 президенттің тек екеуі ғана қылмыстық жауапқа тартылмаған.
Айта кетейік, бұдан бұрын Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хеге қатысты жемқорлық ісі қозғалған еді. 2017 жылы наурыздың 10 күні Оңтүстік Корея конституциялық сотының шешімімен Пак Кын Хе қызметінен босатылып, мамырдың 9 күні елде президент сайлауы өтіп, Мун Жайн жеңіске жеткен.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?