Ақ үйде бейсенбі күні жасаған мәлімдемеде, президент Трамптың Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Унның кездесу туралы жасаған ұсынысын қабылдағаны айтылды. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
АҚШ-қа сапарлай барған Оңтүстік Корея жоғары лауазымдысы кеше кеште Ақ үйде баспасөз мәслихатын өткізіп, АҚШ-ты келіссөз кездесуіне шақырылғанын және Трамптың бұл ұсынысты қабыл алғанын айтты. Ол және бұл кездесудің мамыр айының соңына дейін өткізуді жоспарлап жатқандарын хабарлады.

Оңтүстік Корея лауазымдылары Ақ үйде баспасөз конференциясын өткізді. Фото: WSJ.
Кейін, Ақ үйдің Баспасөз қызметі де бұл мәліметті растаған. Дегенмен, келіссөздің уақыты мен орны туралы анық мәлімет жоқ.
Осы аптаның бас шенінде Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Унмен (Ким Чен Ын/Kim Jong Un) кездескен Оңтүстік Кореяның Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Чон И Ен де баспасөз конференциясына қатысты. Ол сол күні түстен бұрын Солтүстік Корея басшысының хатын Трампқа тапсырып берген. Ол сөзінде Ким Жоң Ун хатында Трампты кездесуге шақырғанын және Трамптың бұл ұсынысты қабылдағанын естіген америкалық шенеуніктердің қатты таң қалғанын айтқан.

Солтүстік Корея басшысы Оңтүстік Кореяның елшісін қабылдады. Фото: WSJ.
Мәліметке қарағанда, Ақ үй бұған дейін Солтүстік Кореяға бағытталып келген санкциялар мен қысымдарды жалғастыра түспек. Кемінде келіссөз бен оның нәтижесі белгілі болғанға дейін санкциялар тоқтатылмайтыны ашық айтқан.
Осыдан кейін Трамп өзінің «Твиттер» парақшасында Солтүстік Кореяның үлкен өзгеріске түсіп жатқанын айта келіп: «Ким Жоң Ун Оңтүстік Корея делегациясымен ядролық қаруды жою туралы әңгімелескен. Бір ғана ядролық бағдарламаларды тоқтату емес, баллистикалық зымырандар сынағын да тоқтататыны туралы айтыпты. Бұл үлкен өзгеріс емес пе?! Бірақ қазіргі санкциялар келіссөз жоспарланып болғанға дейін немесе келісімге қол жеткізгенге дейін сақталады», – деп жазды.
Чон И Ен де мәлімдемесінде, Ким Жоң Унның Корей түбегі мәселесін шешу үшін ядролық бағдарламалар мен баллистикалық зымырандар сынағын тоқтатуға ниетті екенін растады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы