Солтүстік Кореяның «Орталық ақпарат» агенттігі 8 шілде таратқан хабарында, Солтүстік Корея Қарулы күштері АҚШ-қа қарасты Гуам аралы маңын баллистикалық зымыранмен атқылауға дайындалып жатыр деп мәлімдеді. Бұл туралы аталған агенттікке сілтеме жасай отырып, «Шинхуа» агенттігінің ресми сайты хабарлайды.
KCNA (Солтүстік Корея Орталық ақпарат агенттігі) ҚХДР Халық армиясының стратегиялық қолбасшылық орталығының өкілі 8 шілде күнгі сөзінде: «Америка Құрама Штатының Гуам аралындағы Андерсен әуе базалары мен стратегиялық бомбалаушы ұшақтарын тосу және жолын кесу үшін, сонымен бірге АҚШ-қа қатаң ескерту сигналын беру үшін, ҚХДР Халық армиясы «Марс-12» баллистикалық зымыраны арқылы Гуам аралы маңына шабуыл операциясына мұқият дайындалып жатыр», – деді.
«Қатысты департаменттер операцияны толықтай зерттеу, тұжырымдау қызметтерін аяқтап болғаннан кейін, КХДР қарулы күштерінің ең жоғары қолбасшысы, КХДР ең жоғары басшысы Ким Жоң Ун (Kim Jong Un) соңғы шешімді қабылдайды. Ең жоғары басшының пәрменімен операция кез-келген уақытта жүзеге асады», – деп мәлімдеді Солтүстік Корея Халық армиясының өкілі.
Солтүстік Корея АҚШ-тың жақында жасаған құрлықаралық зымыран сынағын, стратегиялық бомбалаушы ұшақтарын Корей түбегіне жақын ұшырып, арандатушылық жасады деп айыптады. Сонымен бірге, Солтүстік Корея қарулы күштерінің ресми мәлімдемешісі, АҚШ-тың бұл ісі КХДР режиміне қарсы, түбектің қауіпсіздігіне қарсы арандату мақсаты бар деп көрсетті. Ол сөзінде Солтүстік Корея әуе кеңістігіне жақын ұшатын АҚШ стратегиялық бомбалаушы ұшақтары, Гуам аралдарынан ұшып шығатынын алға тартты. Гуам аралының АҚШ үшін аса маңыздылығын айта келіп, Құрама Штаттың қастығын жүзеге асырмау үшін осы қадамға баратындарын айтып өтті.