2018 жылы Ұлттық пантеонды салуға Астана бюджетінен 450 млн теңге бөлу қарастырылған. Бұл туралы 2018-2020 жылға арналған Астана бюджеті туралы құжатқа сілтеме жасап, Sputnik ақпарат агенттігі хабарлады.
ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған құжатқа қарағанда, осы жылы құрылысқа 447 млн 423 мың теңге жұмсалмақ.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Ұлттық пантеонның жоба құны 1,7 млрд теңгеге бағаланған.
Пантеон аумағында "Естеліктер қабырғасы" монументі, мемориалдар, музейлер (ХХ-ХХІ ғасырдағы), сондай-ақ, әкімшілік, шаруашылық және қосалқы ғимараттарорналасады.
Ұлттық патеонға Қазақстан президенттері және оның отбасы мүшелері, премьер-министрлер мен олардың орынбасарлары, парламент палаталарының төрағалары мен олардың орынбасарлары, мемлекеттік хатшылар, президент әкімшілігінің басшылары, Конституциялық кеңестің төрағалары, Жоғарғы Сот, Ұлттық банк төрағалары жерленеді. Сондай-ақ, пантеон аумағында министрлер, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары жерленеді.
Бұдан бөлек, жерленетіндер тізімін "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алғандар, "Алтын Қыран", "Отан", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев", "Еңбек Даңқы" орденімен марапатталғандар, "Кеңес одағының батыры", "Социалистік Еңбек Ері""Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" атанғандар және президент шешімімен ерекше марапатқа ие болған тұлғалар толықтырады.