АҚШ Сүрияның үкімет күштеріне соққы беруі мүмкін. Бұл туралы осы елдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz ақпарат агенттігі.
Ресми өкілдің айтуынша, егер сүриялық әскерилердің бейбіт тұрғындарға химиялық қару қолданғаны дәлелденсе, Уашингтон 2017 жылдың сәуір айындағыдай қадамға баратын болады.
Бұдан бұрын, қаңтар айында АҚШ мемлекеттік департаментінің басшысы Рекс Тиллерсон Сүрия әскерінің Шығыс Гутада химиялық қару қолданғаны туралы мәлімдеген. Бірақ Ресей оның негізсіз екенін айтып, айыптаған. Ал АҚШ бастаған одақтас елдер Ирак пен Сүриядағы лаңкестерге қарсы «Табанды батылдық» операциясы басталғалы бері әуе соққыларынан 850-ге жуық тұрғынның қаза тапқанын растады. Тағы 500-ге жуық адамның қазасы тексеріліп жатыр. Айта кету керек, одақтас елдер бұл операцияны 2014 жылдың тамыз айында бастаған болатын.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны