Сүрия әскерінің әуе соққысынан 23 бейбіт тұрғын қаза тапты. Оппозициялық басқыншы топтар шоғырланған Шығыс Гута аймағында болған әуе шабуылдары Сүрия Үкіметінің Женева келіссөздері алдында өз қарсыластарына әскери қысымды арттырып отырғанын байқатады. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.
Syrian Observatory for Human Rights ұйымы ауыр жарақат алған азаматтардың көптігіне байланысты, алдағы уақытта құрбандар саны артуы мүмкін екенін хабарлады. Сондай-ақ, құқық қорғау ұйымының дерегінше, бұл аймақта болып жатқан қақтығыстардан соңғы екі апта ішінде жүзге жуық адам мерт болған.
Anadolu ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Сүрия әскері оппозициялық топтар бекінген Мисраба, Хараста, Эйн-Тарма аудандарын бомбылаған. Қазір нысанаға ілініп отырған Шығыс Гута аймағы негізінен Ресей, Иран мен Түркия арасындағы келісімге сәйкес, дескалациялық (оқ атуға болмайтын) аймақ деп жарияланған еді.
Еуропа консулдығының өкілі Гүней Йылдыздың пікірінше, шамамен 300 мыңға жуық тұрғыны бар Шығыс Гута аймағы Дамаскіге жақын орналасқандығы үшін Сүрия Үкіметінің ерекше назарына ілініп отыр. Сондай-ақ дипломат "Сүрия Үкіметі Женева келіссөздерінің алдында өз қарсыластарын барынша әлсіретуді көздеп отырған сияқты" деген ой қосты.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр