ҚР үкіметінің кеңейтілген жиынында президент Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ұлттық қорының болашағы туралы сөз қозғады.
Президенттің сөзінше, қордың жұмысы өзгеру керек және оның басты міндеті - тиімді басқарып, инвестициялау арқылы актив құнын арттыру.
"Қор жалақысы көп адамдар жиналып, түрлі құрылымдар құру сияқты өзіне тән емес қызметтерге ештеме жұмсамау керек. Өмірзақ Шөкеев ("Самұрық-Қазына" ұлттық қорының бұрынғы басшысы) жұмысты трансформациялаудан бастады, соны жалғасытру керек. Қордың жұмысы мүлде басқа жолға бұрылу керек. Мен "Самұрық-Қазынаны" трансформациялау бағдарламасының түзетілген стратегиясын ұсынуды тапсырамын. Ұлттық компанияларды дамытамыз ба, әлде бұрынғыдай үкіметтің қол астына береміз бе, оны шешеміз. Қарастыру керек", - деді президент.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды