2018 жылдың 13 ақпанынан бастап «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (ҚДКБҚ) «Қазинвестбанк» АҚ жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлері алдындағы міндеттемелері бойынша төлемін бастайды. Бұл «Қазинвестбанк» АҚ-ның активтері мен міндеттемелері «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-ға өткен күннен бастап қалыптасқан ақша қалдықтары, деп хабарлайды ҚДКБҚ баспасөз қызметі.
"Төлемнің жалпы сомасы 2,07 миллион теңгені құрайды, «Қазинвестбанк» АҚ шотында оң қалдығы бар клиенттер саны 70. Төлем ҚДКБҚ-ның арнайы резерві қаражатынан жүзеге асырылатын болады. Кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған ҚДКБҚ қаражатының жалпы сомасы - 568,6 миллиард теңге", - делінген баспас
Қордың мәліметінше, өткізілген конкурс нәтижесі бойынша «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 7 ақпанның шешімімен төлем бойынша агент банк болып «Банк ЦентрКредит» АҚ тағайындалды. Яғни осы банк Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Атырау қалаларындағы барлық филиалдар жүйесі арқылы жеке тұлғалардың өтінішін қабылдап, қарастырып, ҚДКБҚ атынан және қаражаты есебінен кепілдік берілген өтемді төлейтін болады.
Айта кетейік, 2016 жылдың желтоқсан айының соңында ҚР Ұлттық банкі "Қазинвестбанк" АҚ-ты банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берілген лицензиядан айыру туралы туралы шешім қабылдаған болатын.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?