Экономист Ғалым Құсайынов «Банк ЦентрКредит» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Ол қызметіне 2017 жылдың 23 қыркүйегінен бастап кіріседі. Бұл туралы банктің PR және жарнама жөніндегі жетекшісі Әсел Дүрбаева хабарлады.
Ғалым Құсайынов 2005 жылы Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген. МВА дәрежесі берілген. Қызметін «Омбы-Полимер» жауапкершілігі шектеулі қоғамында бастады. 2009 жылдан бастап «Заречное» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары ретінде қызметін жалғастырды. 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Бақытбек Байсейітовтың командасында жұмыс істеді.
Ал осы жылдың мамыр айынан бастап Құсайынов Банк Центр Кредитте басқарма мүшесі-басқарушы директор болып жұмыс істеді.
Айта кетейік, бұған дейін басқарма төрағасы болған Владислав Кимнің қызметтен кететіні туралы, алайда директорлар кеңесінің мүшесі ретінде банкте қалуы мүмкін екені хабарланған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?