2017 жылдың 1 желтоқсанынанан бастап банктердегі шетел валютасындағы депозиттердің мөлшерлемелерінің ең жоғары деңгейі 1%-ға дейін төмендетіледі. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры хабарлады.
Қордың мәліметінше, жеке тұлғалардың жаңадан тартылған ұлттық валютадағы депозиттері бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері бұрынғы деңгейде, 14% болып сақталады.
Ал шетел валютасындағы ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесі 1 % болады.
"Қазіргі уақытта қормен ұсынылатын жеке тұлғалардың жаңадан тартылған шетел валютасындағы депозиттері бойынша ең жоғарғы сыйақы 1,5% мөлшерлемелері 1 желтоқсанынан бастап 1% дейін төмендетіледі. Жаңадан тіркелген жеке тұлғалардың теңге бағамындағы депозиттері бойынша сыйақы мөлшері бұрыңғы деңгейде, яғни 14 пайыз көлемінде сақталады. Алайда Қордың Директорлар Кеңесі және/немесе Акционері депозит нарығы конъюнктурасының күрт өзгеруі жағдайында аталмыш мөлшерлемелерді қайта қарастыруы мүмкін", - делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, бұдан бұрын Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Қазақстанның депозиттерге кепілдік қорымен (ҚДКҚ) бекітілген теңгеде салынған депозиттердің ең жоғарғы тиімді сыйақы мөлшерлемесі өзгеріссіз қалатынын мәлімдеген.