Қазақстан "жалақы деңгейі төмен болады" деп есептелетін елдер рейтингіне кірді. Бұл туралы LS сайты хабарлады.
Universum агенттігінің "Таланттар құны" деп аталатын жыл сайынғы есебінің қорытындысына сенсек, қазақстандық студенттер елде өздерінің жалақысы төмен болады деп есептейді екен. Мысалы бизнес саласындағы өкілдерінің болжамынша(экономика, қаржы және т.б.), еңбекақылары жылына 7,6 мың доллар көлемінде болуы мүмкін. Бұл шамамен жылына 2,5 млн теңгені, айына 208 мың теңгені (1 доллар 325,2 теңгемен есептелді) құрайды. Ал ғылым, технология, инженерия және математика саласының мамандары болашақта өздерінің жалақысы жылына 8,4 мың доллардан сәл жоғары болады деп есептейді. Теңгеге шаққанда жылына 2,7 млн теңге немесе айына 227 мың теңге.
Десек те бұл - Қазақстан кіретін Шығыс Еуропамен салыстырғанда ең төменгі көрсеткіш. Көрші Ресейдің өзінде болашақ мамандардың болжалды кірісі жылына 11 мың долларды құрайды.
Ал ең жоғары жалақы аламыз дейтіндер - Швейцария студенттері. Олар маман ретінде өздерінің кірісі жылына 74,4-75,3 мың доллар болатынына үмітті. Америкалықтар болса "жылына 56 мың доллардан 59,5 мың долларға дейінгі жалақы аламыз" деп есептейді.
Universum агенттігі жүргізген сауалнамаға дамыған және дамушы елдерді қоса алғанда 29 мемлекеттен 500 мыңнан аса студент қатысқан.
Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстанда орташа атаулы айлық жалақы - 168 220 мың теңге. Ал бұл жоғарыдағы қазақстандық студенттердің болжамынан 20-26 пайызға төмен.