S&P Global Ratings агенттігінің сарапшылары Ұлттық қордың бұғаталған қаржысына қатысты жағдай өзгеруі мүмкін екенін айтады. 

Қазақстанның тәуелсіз рейтингіне қатысты есебінде агенттік молдовалық бизнесмен мен мемлекет арсындағы келіспеушілікке байланысты 2017 жылдың соңында америкалық Bank of New York Mellon Ұлттық қор қаржысының шамамен 22,6 млрд долларын (ЖІӨ-нің 13 пайызы) бұғаттағанын еске салды.

"Қазақстан үкіметі сот шешіміне наразы болғанмен, бұл Бельгия мен Нидерландыда күшіне енді, нәтижесінде Ұлттық қордың осы елдердегі шоттарындағы қаражат бұғатталды. Сондықтан біз қордың 22,6 млрд долларын 2017-2021 жыл аралығындағы есептен шығардық. Өйткені ол қаржының әлі қанша уақыт бұғатта болатыны белгісіз. Алайда, қазақстандық билік тарапынан алынған ақпараттарды есепке алар болсақ, онда есепшот 2018 жылдың наурыз айында апелляциялық тыңдаулардан кейін шешілуі мүмкін", - дегенді айтады S&P халықаралық рейтинг агенттігі.

Сондай-ақ, қаржы ұйымы Қазақстан үкіметі швед соты бекіткен кепілдік сомасын берген жағдайда ғана активтерге қойылған бұғат алынуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

"Қазіргі уақытта Қазақстан үкіметі Ұлттық қор активтерінің бұғаталған бөлігіне қол жеткізе алмайды. Ал егер активтерге қойылған бұғат алынса,  онда біз оларды қайтадан бюджеттің және сыртқы активтердің есебіне енгіземіз. Негізі Қазақстан үкіметінің бюджеттік және  сыртқы көрсеткіштеріне қатысты біздің бағалауымыз өте жоғары, бұл үкіметке осындай күтпеген жағдайларға қарсы тұруға мүмкіндік береді", - дейді агенттік өкілдері.

“The Qazaq Times”