Қазақстанның халықаралық қордағы қаржы көлемі жыл өткен сайын азайып келеді. Соңғы статистикалық мәліметтер бойынша, еліміздің халықаралық қаржы резервтері өткен жылмен салыстырғанда 6,2%-ға қысқарған.
2018 жылы шілде айының соңында қор көлемі 30,9 млрд АҚШ долларына тең болды. Ал, өткен жылғы көрсеткіш – 32,9 млрд доллар болған.
Қорлардың азаюына активтердің еркін айналымдағы валюта құнының 15,9%-ға, яғни 21,5 млрд доллардан 18,1 млрд долларға төмендеуі әсер еткен. Ал, таза алтын-валюта резервтері 30,4 млрд долларды құрады. Бұл – жалпы халықаралық резервтердің 98,4%-ы.
Ұлттық қордың шетел валютасындағы қаржысы 1 жылда 2,8%-ға немесе 1,6 млрд долларға қысқарды.
Осылайша, Қазақстанның Ұлттық қор активтерін қоса есепгендегі халықаралық резервтерінің жалпы көлемі 87,7 млрд АҚШ долларын құраған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 4%-ға кем. Өткен жылы бұл көрсеткіш 91,3 млрд АҚШ долларына тең болған.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды