2018 жылдың 1 қаңтардан бастап Қазақстанда сұйытылған мұнай газдың (СМГ) шекті көтерме бағасы тоннасына 34,319 теңгеден 38,701 теңгеге дейін ұлғайтылды. Мұнда қосылған құн салығы (ҚҚС) есепке алынбаған, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
«Шекті бағаларын айқындау қағидаларына сәйкес СМГ бағасы есеп айырысу, баға тоннасына ҚҚС-сыз 52 538,27 тг/т құрауы керек. Министрлік Қағидаларының 14 тармағына сәйкес 2014 жылы ішкі нарықта сұйытылған мұнай газының ең жоғары көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекіткен деңгейінде ұстап қалады, яғни тонна үшін ҚҚС-сыз 38,701 теңге деңгейінде», - делінген баспасөз хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, бағаның өсуі әлемдік бағалардың өсуінен туындаған, өйткені сұйытылған мұнай газдың көтерме бағасы халықаралық нарықта баға белгіленімдеріне тәуелді.
Бұдан бөлек министрлік "сұраныстың арттыруына байланысты, сондай-ақ ішкі нарықта СМГ көтерме сауда бағаларының төменгідігінен оны өндірушілер және меншік иелерінің шығындары көбейгенін" айтады.
Осылайша ҚР Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газбен ішкі нарықты қамтамасыз ету, СМГ тапшылығы фактілерін болдырмау үшін жан-жақты шаралар қабылдамақ.