Ресейдің көгілдір отынын тек қана рубльмен сатып алу талабы Еуропа көшбасшылары тарабынан кері қайтарылды. Ал, Ресей президенті Владимир Путин болса табиғи газды тек ұлтты валютамен ғана сатуға мүмкіндік беретін жаңа жарлыққа қол қойды. Осылайша Мәскеу мен Батыс арасындағы бұл қарама-қайшылық сол күйінде шешімсіз қалды.
Путин қол қойған жарлық бүгіннен бастап күшіне ие. Ереже бойынша газ төлемдерін жасау үшін Газпромбанкте есеп-шот ашуға тура келеді. Кремль тарабы: «Шот ашылмаса, Ресей газына төлем рубль арқылы жасалмайтын болса газ бойынша барлық келісімдер тоқтатылады», – деген.
«Рубльмен төлемесе табиғи газ да жоқ», – деген бастапқы мәлімдемесінде Путин. Ол жарлыққа қол қойғаннан кейін бұл қадамның ұлттық валюталарына үлкен демеушілік жасайтынын атап өткен.
Дегенмен, Еуропа одағының Франция мен Германия секілді ірі елдері Ресей газы үшін рубльмен төлем жасау туралы талапқа келіспейтіндерін білдірді. Алман мен француздың экономика министрлері Роберт Хабек пен Бруно ле Майр Берлиндегі кездесуде осындай ортақ ұстанымға келгендерін білдірді.
Еуропа елдері тұтынатын табиғи газдың жартысына жуығы Ресейден жеткізіледі. Егер Ресей газ жеткізуді тоқтатып тастайтын болса Еуропа ауыр энергия дағдарысына тап болуы мүмкін. Бірақ, соған қарамастан ЕО елдері Ресей газы мен мұнайынан бас татуға тырысып жатыр