Жаңа жыл қарсаңында Ресей үкіметі көптеген қалаларда «құпия қоңыраулардың» қорқытуымен 14 мың адамды эвакуациялауға мәжбүр болды. Бұл туралы «Шинхуаның» ресми сайты жазды.
Ресей ақпарат құралдарының қауіпсіздік тарауларының мәліметтеріне сілтеме жасай отырып хабарлауына қарағанда, өткен аптада Ресейдің 50 қаласындағы қауіпсіздік қызметкерлері жарылыс туралы хабарлаған 56 «құпия қоңырауды» қабылдаған. Сол бойынша сауда орталықтары, вокзал және өзге де әлеуметтік орындардан тұрғындарды эвакуациялады. Алайда, «құпия қоңыраулардан» келген ақпараттардың бәрі жалған болып шыққан.
Ресейдің құқық қорғау органдарының 1 қаңтар күнгі жариялаған мәліметінше, «құпия қоңыраулардан» келген үрейлендірулер Мәскеу, Петербор, Волгоград, Владивосток қатарлы бірнеше қалаларда бір уақытта орын алған.
Соңғы бірнеше айда Ресейдің көптеген қалаларында жарылыс туралы хабарлап, үрейлендірген «құпия қоңыраулар» көбейді. Аталған, «құпия қоңыраулардың» үкіметке 2 млн 600 мың АҚШ доллары көлемінде зиян жеткізген.
Мәліметтерге сүйенсек, «құпия қоңыраулардың» көбі Сүриядан шалынған. Бұдан сырт, Түркия, Украина, АҚШ, Канада, Қазақстан және Өзбекстан территорияларынан шалынған қоңыраулар анықталған.
Германия ақпарат құралдарының 1 қаңтар күнгі хабарында Ресей президенті Владимир Путин 3 желтоқсанда шешім шығарып, мұндай «құпия қоңырау» шалушы анықталса 10 жылға қамау жазасы бұйыратынын айтылған.
Алғыс Серік


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?