Ресейдің Брянск қаласындағы мұнай қоймасында өрт шықты. Ресейлік ақпарат құралдарының хабарына қарағанда Украинаға жақын аталған қаланың бірқатар жерінде жарылыстар болған.
Хабарға қарағанда Брянск қаласындағы мұнай қоймасымен қатар Ресей Қорғаныс министрлігінің №120 әскери қоймасының маңында да өрт шыққан. Қазір елдің Төтенше жағдайлар қызметі өрт пен жарылыс аумағынан тұрғындарды эвакуациялауда.
Ресейлік ресмилер өрт пен жарылыс себебі туралы нақты мәлімет бермеген. Брянск Украина шекарасына 154 шақырым жерде орналасқан. Кейбір ақпарат құралдары мұнай қоймасы Украинаның зымыран шабуылдарынан кейін өртенген болуы мүмкін деген болжамдарды айтады.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы