NASA жақында 2018 жылдың басты міндеттерінің тізімін видео арқылы жария етті. Жалпы жоспарда іске асырылуға тиісті 18 жобаны көрсетілді. Оның ішінде «Mars Landing Probe»-ты және жат жұлдыздарды барлаушы спутниктерді іске қосу, сонымен бірге, ғарышты тереңірек зерттеуді ілгерілету қатарлы маңызды жобалар да бар. Бұл туралы «Шинхуа» ақпараттық агенттігінің ресми сайты хабарлады.
Бірінші кезекте NASA-ның міндеті АҚШ-тың Марс барлау миссиясының алғашқы қадамын жасау. Айталық, «Инсайт» атты адамсыз қондырғылардың детекторы мамыр айында ғарышқа ұшырылады да, қараша айында жерге оралады. Оның барлауға арналған арнайы құрылғысы кеңістіктен Марсты тереңірек зерттеуге жіберіледі.
NASA-ның жоспардағы екінші қадамы – АҚШ коммерциялық компаниялары арқылы америкалық ғарышкерлер ғарышқа жіберіледі. Дегенмен, сарапшылардың пікіріне қарағанда ғарышкерлерді ұшыру 2019 жылға немесе 2020 жылға дейін кешіктірілуі мүмкін екен.
Үшінші қадамы – АҚШ-тың «Osiris-Rex» атты зымыран тасығышы тамыз айында Бену атты астероидке жетеді. Бену жас шамасы Күн жүйесімен қарайлас ежелгі астероидтың бірі. Ғалымдардың есебі бойынша ол XXII ғасырдың соңында Жер шарына соғылуы мүмкін екен.
Төртінші міндеті – планетарлық ғарыштық серік спутнигін (TESS) іске қосу. Сол арқылы тұрақты жұлдыздар маңындағы планеталарды іздеп табады.
Бесінші қадамы – «Parker» Күнді бақылаушы детекторын іске қосу. Бұл бақылау құрылғысы арқылы адамзат күнді ең жақын қашықтықтан бақылайтын болады.
Алтыншы қадамда, адамдарды айға және одан тыс жерге жіберу үшін және оларды қауіпсіз жерге қайтару үшін үлкен ғарыштық зымыран мен «Орион» ғарыш аппаратын дамытуды жалғастыру.
Жетінші қалам – АҚШ ғарыштық телескоптарының келесі ұрпағын «James Webb» ғарыштық телескобын іске қосу.
Сегізінші жобасы – Халықаралық ғарыш станциясының жобасын ілгерілетуді жалғастыру.
Тоғызыншы жобасы – коммерциялық компанияларымен селбесе отырып, жат жұлдыздарды мекендеу технологиясын дамытуды қолға алу.
Бұл аталғандардан өзге тоғыз жоба болса – Жердің динамикасын нақты уақыт режимінде бақылау; Ғарыштан жердегі су ресурстарын бақылау; «Мұз, бұлт және жер қыртысын бақылаушы II» спутникті іске қосу; Тиімді және экологиялық таза электр ұшақтарын сынақтан өткізу; Дыбыстан жылдам және дыбыссыз ұшақтарды дамытуды ілгерілету; Қоршаған ортаға зиянсыз отындарды өндіру; Ғарыштық навигация мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған «ғарыштық атомдық ғарыштық сағат» жобасын дамыту және Күн нұрынан энергия қабылдайтын технологиялар арқылы NASA-ның 60 жылдығын атап өту.
NASA-ның жариялаған видео мәліметінде, бұл 18 іс-шара АҚШ-тың ғарышты зерттеу және ғылыми ашу бойынша көшбасшылық ұстанымын сақтап қалады делінген.