Қазақстан Мьянмадағы рохинджа мұсылмандарына 500 млн доллар көлемінде гуманитарлық көмек жібереді. Бұл туралы шешімге ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қол қойған, деп хабарлады Sputnik.
Бұл қаражат Қазақстандағы және басқа елдердегі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларын жоюға бағытталған, осы жылы республикалық бюджетте қарастырылған үкіметтің шұғыл резервінен алынады. Қаржыны Сыртқы істер министрлігі арнайы банктік шотқа аудармақ.
Бұдан бұрын Қазақстан Мьянмадағы жағдай бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысқан. Онда БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Джеффри Фельтман БҰҰ басшысының баяндамасын таныстырған. Баяндамада айтылғандаай, Мьянмадағы Ракхайн штатындағы зорлық-зомбылық деңгейі төмендегенмен, босқындардың ағыны әлі тоқтай қоймаған.
Айта кетейік, Мьянмадағы рохинджа мұсылмандарына бағытталған қырғыншылық 25 тамыздан басталған. Мьянма үкіметінің мәлімдемесіне сілтеме жасаған басылымдарының ақпаратына сүйенсек, елдегі кейбір шағын исламдық топтар қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасаған. Алайда мұны Мьянма үлкен қырғынға ұластырып жіберген.