Қазан айында дербестік жолында референдум өткізген Каталонияда енді Парламент сайлауы бойынша партиялар бақ сынай бастады. Сайлаудың өтуіндегі басты себеп, осыған дейін Каталонияның парламентінде дербестікті жақтаушы партиялардың басымдығы себебінен 27 қазанда өткен референдумнан кейін Каталония біржақты тәуелсіздік жариялаған болатын. Референдумға қатысқандардың 90 пайызы Каталония дербестігін жақтаған. Алайда, бұл дауыс беруді заңсыз деп тапқан Испания орталық үкіметі дауыс беруге кедергі жасады, кейін Каталония үкіметін отставкаға жіберген.
Каталония Парламентіндегі көпшілік орындарды сепаратистік майдандағы партиялар иелейді. Сайлауға Каталонияның тәуелсіздігін талап еткен партиялар да, Испаниядан бөлінуге қарсы партиялар да қатысуда. 99 пайыз дауыстың қортындысынан кейін белгілі болғаны: Каталонияның дербестігін жақтаушы үш партия Парламенттегі 135 орынның 70-ін иелеген. Олар – «Каталония үшін бірге» (JxCat), «Каталонияның Республикашыл солшылдары» (ERC) және «Елдік кеңес» (CUP) партиялары. Бұл туралы BBC-дің ресми сайты хабарлаған болатын.
Мәліметтерге негізделсек, Парламент сайлауында «Патриоттар» партиясы көш бастап келеді. Олар Каталонияның Испания құрамында қалуын жақтаушы партия. Олар сайлаушылардан 25 пайыз дауыс жинап, Парламенттегі 36 орынды иелеген. Дегенмен, отставкаға кеткен Каталония үкіметінің басшысы Карлес Пуджемонт сайлау нәтижесін жікшілдердің жеңісі деп бағалаған. Ал, Еурокомиссияның өкілдері болса Каталониядағы сайлаудың ЕО-ның көзқарасына ықпал етпейтінін айтуда. Олар әлі де Каталония мәселесі Испанияның ішкі ісі деп қарап отыр.
Әдетте, парламент сайлауында ең көп дауыс жинаған партия үкіметті жасақтайды. Қазір барлық дау-дамай Испания бірлігін қолдаған «Патриоттар» партиясының төңірегінде жүргізілуде. Себебі, сепаратистік майдандағы партиялар да үкімет құру құқығына таласуы мүмкін. Себебі оларда сайлауда басым дауысты иелеп отыр. Естеріңізде болса, қазан айында Мадрид Каталонияның үкіметін отставкаға кетірген еді. Себебі олар Каталонияның дербестігі үшін өткізген референдумды Испания үкіметі заңсыз деп қарады.
Мәліметтерге қарғанда бұл жолы сайлауға 80 пайыздан астам халық қатысқан. Қазір Парламенттегі ең көп орынды қайсы партияның иелегені анық емес. «Патриоттар» партиясы мен «Каталонияның Республикашыл солшылдар» партиясының қайсысы болары анық емес. Сайлауда абсолютты жеңіске бірде бір партия жете алмаған.
Осының өзі алдағы уақытта үкімет құру ісінің де көптеген келіссөздер мен дау-жанжалдарға ұласуы мүмкін екенін көрсетеді. BBC-дің сол елдегі тілшілері хабарлағандай, сайлауда Каталонияның тәуелсіздігін жақтаушылар мен оған қарсылар қарайлас түсті. Сондықтан Каталонияның алдағы саяси жағдайы тіпті де күрделі бола түспек.