Испания үкіметі Каталония аймағына мыңдаған қосымша полиция қызметкерін жіберу шешіміне келді. Испания билігі Каталония аймағының тәуелсіздік туралы референдумын тоқтатуға тырысуда. Каталонияның таратылған үкіметі жексенбі күні аймақтағы барлық мектептерді дауыс беру учаскелері ретінде пайдаланғалы отыр. Дегенмен, Испания үкіметінің баспасөз хатшысы BBC арнасына берген мәліметінде бұл референдумның заңсыз екенін, әрі Испания билігі бұған жол бермейтінін жеткізген. Бұл туралы BBC-дің ресми сайты жазды.
Каталония аймағының таратылған үкіметі бес жылдан бері Испаниядан бөлініп, жеке мемлекет болу үшін референдум өткізуді талап етіп келеді. Апта соңында мектептер демалысқа тараған уақытта, Каталонияның ұлтшыл саясаткерлері аймақтағы барлық мектептерді референдумға дауыс беру орындары ретінде пайдаланбақ. Алайда, Испанияның Баспасөз хатшысы Иниго Мендез де Виго заңсыз сайлауға жол бермейтіндерін айтып отыр.
Өткен аптада Каталонияның бірнеше ресми өкілдері қамауға алынды. Оған қоса полиция тараулары референдумға пайдаланылатын миллиондаған парақшаларды тәркіледі. Ал Каталония үкіметі референдум аяқталып, 48 сағаттан кейін дауыс беру нәтижесінде тәуелсіздік жариялауы мүмкін екенін айтты. Алайда, Испания үкіметі мыңдаған полицияны Барселона қаласына жіберді. Олар қаланың портындағы екі кемеде бұйрық күтеді, референдум өткізілетін болса, тосқауыл жасауға әрекеттенеді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?