Каталониядағы халық ереуілінің арты ірі қақтығыстарға ұласып, бұл жолы наразы топ Испания мен Франция арасын қосатын тас жолды басып алған.

Handelsblatt неміс басылымының хабарлауынша, шеруге қатысушылар Жирона қаласының маңындағы жол қозғалысын тежеп, бөшке мен резеңке дөңгелектерден бөгет жасаған.

14 қазаннан бастап Каталонияның түрлі қалаларында наразылық шерулері өтіп жатыр. Қарсылық акциялары 2017 жылы Тәуелсіздік туралы референдумды жариялауға атсалысқан каталониялық саясаткерлерді 13 жылға дейін түрмеге қамау жөнінде сот үкіміне қарсы басталған. Бүгінге дейін өткен аразылық акциялары қақтығыстарға ұласыа, жүздеген адам зардап шеккен.

Биыл сәуірде Испанияда өткен ірі шеруден кейін Испания билігі сепаратистерді жаппай тергеуге алған соң, сепаратистерді жақтаушылар сот ғимаратының жанында демонстрация өткізді. Осы жағдайдан кейін Испания премьер-министрі Педро Санчес елдегі кортестер таратылып, мерзімінен бұрын сайлау өтетіні туралы ресми мәлімдеме жасаған болатын. Елдің премьер-министрі Санчес өз уәдесін орындамағандықтан, каталондық партиялар үкіметтік одақтан шығып кеткен болатын. нәтижесінде, кезекті мәрте жаңа сайлау өткізілді. Биліктегі өзара келіспеушілік салдарынан Испания парламентінің негізгі партиясы қиын жағдайға қалды.

"The Qazaq Times"