Өткен жылдың аяғында, шөлдалада 1979 жылдан кейін алғаш рет қар жауған. Алжирлік фотограф Карим Бушатеттен кейін, осы сирек кездесетін құбылыстың кадрларымен британдық Джеф Робинсон бөлісті. Бұл туралы Naked-science хабарлайды.
2016 жылдың 9 желтоқсан күні – Айн-Сефр қаласының тұрғындары үшін атаулы күн болды. Қар жауғаннан кейін Сахараның құмды төбелері құдды қарлы бас киім кигендей түске енді. Қазір жергілікті тұрғындар оны «Қантты» сахара деп атап жүр.
Жергілікті фотограф Карим Бушатет – қар жауғаннан кейінгі суреттерді жариялаған алғашқы адам. Алайда бір ай өткеннен кейін желілерде қарлы Сахараның сапалы суреттері шыға бастады. Ол суреттердің иесі – Лондонның фотографы Джеф Робинсон.
Бұл өңірде осындай қар соңғы рет 1979 жылдың ақпан айында жауған. Ол кезде де, жарты сағаттық қарлы бораннан кейін құмды аймақты дәл осылай қар басқан.
Айн-Сефр қаласын «шөл дала қақпасы» деп атайды. Ол Сахараның солтүстік бөлігінде орналасқан. Қысқы температура шамамен 0 °C, рекордтық көрсеткіш -10 -нан +15 °C аралығын көрсетеді.
"The Qazaq Times"


















Тоқаевтың «Тіл еркіндігі» – Өз тілінен ыңғайсызданатын биліктің бейнесі ме?
8 Наурыз – Мкереке құтты болсын арулар!
Қазақстандағы жасанды интеллекттің ақпараттық жұмысы және БАҚ еркіндігі: Билік ЖИ-ді шектеу саясатын қолға ала ма?
Рамазан – рухани тазалық пен мейірім айы
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады