Пәкістанның Пешавар қаласындағы Ауылшаруашылық институтында құралдылар шабуыл жасап, кемінде 9 адам қаза болып, 36 бейбіт тұрғын жарақат алды. Бұл туралы BBC-дің ресми сайты хабарлады.
Хабарға қарағанда, Пәкістандағы Талибан ұйымы хабарлама жариялап бұл террорлық шабуылды өз мойындарына алған. Лаңкестер оқу орынына әйелдердің никабқа ұқсас бурка киімін киіп, ЖОО-дағы адамдарға оқ жаудырған. Пәкістан қарулы күштерінің берген мәліметіне қарғанда терроршылар түгелдей өлтірілген.
Бүгін Пәкістанда Мұхаммед пайғамбардың туған күні деп белгілеп, мерекелік демалыс жарияланған. Соған орай оқу орны да жабық болып, басқа күндерге қарағанда адам аз болған. Оқ жаудыру басталған кезде сегіз адам ғимараттан қашып шығуға үлгермеген. Жергілікті медианың хабарында кейіннен жаралылардың біреуі қаза болған.
Естеріңізде болса, осыдан 3 жыл бұрын Пешавар қаласында мектепке шабуыл жасалып, 130 жас өспірім лаңкестік топ жағынан өлтірілген болатын. Одан кейін террорлық шабуылдар тоқтап қалған еді. Айта кетейік, аталған шаһар Ауғанстан мен Пәкістан шекарасына жақын орналасқан.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап