АҚШ қамаудағы «Талибан» қозғалысының бұрынғы қолбасшысына америкалық әскерлердің өліміне қатысты бар лаңкестік қылмыс өткізді деп айыптады. Федералды прокуратура тарабынан тағылған айыпта Қажы Нажибулланы 2008 жылғы 13 террорлық актіге қатысы бар делінген. Тәліптердің қолбасшысы былтыр ғана Украинада қолға түсіп, АҚШ-қа экстрадицияланған болатын.
45 жастағы Нажибулла былтыр қазан айында тұтқындалғанға дейін америкалық бір журналисті және ауғанстандық екі бейбіт тұрғынды барымталап, 7 ай бойы қамауда ұстады деп айыпталған еді. Ал, АҚШ Федералды прокуратурасы таққан жаңа айыпта Нажибулла 2008 жылы маусымда АҚШ әскерлерінің көлігіне жасалғна шабуылға жауапты делінген. Айыптау актісінде қолдан жасалған жарылғыш және автомат қаруларын пайдаланып жасалған шабуылда 3 америкалық сарбаз бен олардың аудармашылары қаза тапқаны көрсетілген.
«Болжам бойынша, Нажибулла Талибан көтерілісшілерінің ең зұлым тобына басшылық етіп, Ауғанстандағы қақтығыстың ең ауыр кезеңінде елдің көптеген аймақтарында террорлық шабуылдарды ұйымдастырды және АҚШ әскерлерін шабуыл нысанасы етті», – деген Нью-Йорк оңтүстік округінің федералды прокуроры Оудри Строусс.
Мәліметтерде, жеке қауіпсіздігі мақсатында ұрланған америкалық журналистік аты жөні көрсетілмеген.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?