Кабулдағы жарылыста құрбан болғандар саны 100-ден асты. 140-тан астам адам жарақат алған. Радикал исламшыл топ жарылысты жасағандарын мойындады.
Бір күн бұрын ғана Кабулдағы халықаралық әуежайда террорлық шабуыл болуы ықтимал деген мәліметті АҚШ пен оның одақтас елдері таратып, өз азаматтарын әуежайдан алыс болуға шақырған еді.
Бұл ақпараттың қызуы басылмай тұрып қатарынан екі рет жарылыс болды. Алғашқысы әуежайға кіреберістегі босқындар жиі топталған жерде болған. Жергілікті ақпарат көздерінің BBC-ге берген мәліметіне қарағанда адамдар көп жиналған қақпадағы жарылысты үстіне жарылғыш байлаған жанкешті жасаған. Жарылыстан кейін оның қарулы серігі адамдарға оқ жаудырған.
Ал, екіншісі америкалық әскерлер азаматтарды әуежайға жеткізіп жатқан «Барон» отелінің жанында болған. Пентагон Кабулдағы АҚШ қарулы күштерінің қатарында 13 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.
Жарылысты «Ислам мемлекеті» террорлық тобы өз мойнына алды.
АҚШ пен НАТО одақтастары террорлық шабуылдың қатеріне қарамастан эвакуацияны жалғастыратынын хабарлады.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?