Армения аумағында шамамен жасы 2 миллион жыл болатын адам тұрағы табылды. Сарапшылардың айтуынша, ғылымда белгілі ежелгі орындардың бірі, тас дәуіріне тиесілі. Бұл туралы Naked-science хабарлайды.
«Материалды мәдениет тарихы Институтының» жетекшісі Владимир Лапшин оқырмандарға толығырақ түсіндірді. Тұрақ кейінгі палеолит дәуірінің үңгірін зерттеу барысында табылған.
Адамзаттың даму тарихындағы соңғы кезең – плиоцен дәуірінің аяғында басталған. Ол кезде б.з.д. 2,6 млн – 150 мыңжылдықта мекен еткен Homo Habilis – дриопитек пен австралопитектерге ұқсас болған. Алайда, олардың әлеуметтік құрылымы күрделі болғанымен, интеллекті жақсы дамыған. Оған дейін пайда болған адамдар, тастарды қолдану арқылы от тұтандырған жалпы табиғатта бар дүниемен өмір сүргендігін білеміз. Кейіннен ғана негізгі кәсіптері ретінде аңшылық, бертін келе балық аулау ісімен шұғылданған.
Ерте палеолиттің негізгі мәдениеті ретінде – Олдувайлық, Ашель және Аббевильсктік мәдениеттерді атап өтуге болады. Біріншісі, Олдувайлық мәдениет – ең ежелгісі саналады, шамамен 2,5 млн жыл бұрын. Бұл тас дәуірінің өте қарабайыр мәдениетіне жатады: өткір тасты алу үшін ешбір өңдеместен, тасты тек екіге бөліп алатын болған.
Владимир Лапшиннің айтуынша, табылған тұрақ ең көне тұрақтың біріне жатады. Ғалым Закавказье жерінде бұндай тұрақтың кезігетінін күтпеген. Қазір археолог мамандар қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"The Qazaq Times"