 
                                    Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданында грециялық инвестор сағатына 200 тонна асфальт-бетон өндіретін зауыт салмақ. Аудандағы индустриалдық аймақта салынатын зауыттың жобалық құны 1 млн АҚШ долларын құрайды.
Құрылысы келер жылы басталатын асфальт-бетон өндіру жобасының инвесторы грециялық NIOVI S.A компаниясы құрылтайшысы болып келетін «Soldatos» ЖШС.
«Soldatos» ЖШС-нің инвесторлары Мақтаарал ауданындағы жобадан бөлек, Сарыағашта сағатына 150 тонна, ал Түркістан қаласында сағатына 200 тонна асфальт-бетон шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, ауданда сыртқы инвестициядан бөлек, ішкі инвестицияның есебінен өңдеу зауыты, гигиеналық заттар мен полиэтилен шығаратын өндіріс зауыттарының жобалары да жүзеге аспақ. 38 гектар жерді алып жатқан ауданның индустриялды аймағында жұмыс істеп тұрған «Береке» мақта зауытынан басқа, мұнда келер жылы 4 жоба іске асырылады деп жоспарлануда.












 
                                                        





 Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                     Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                     Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                     Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                     ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                     Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?