"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы Қазақстан қор биржасына 10 пайыздан аса акцияларына иелік ететінін ұйымдардың тізімі өзгергенін хабарлады. Хабарламаға сәйкес, мұнай компаниясы енді "Еуро-Азия Эйр" әуе компаниясының акцияларына иелік етпейді.
Бұдан бұрын 2016 жылдың жазында ұлттық компания "Еуро-Азия Эйр" әуе компаниясы" АҚ-ның 100 пайыз акцияларын саудаға қойғанын хабарлаған. "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС ақпараты бойынша активтердің алғашқы бағасы 15,5 млрд теңгеден басталған.
"Еуро-Азия Эйр" Астана қаласының Есіл ауданында тіркелген. Компанияның негізгі қызметі - пайдалы қазба орындарын игеру және дамыту бойынша рейстерді жүзеге асыру және заңды, жеке тұлғаларға әуе тасымалдары арқылы қызмет көрсету.
"Еуро-Азия Эйр" - тікұшақ операциялары мен жолаушылар тасымалы бойынша маманданған ірі компаниялардың бірі.
Әуе компаниясының паркінде 20 әуе кемесі бар, оның :
- 12-сі Mи-8T тікұшағы (РФ);
- 2-уі AS-365N3 үлгісіндегі тікұшақ (Франция);
- 2-уі Challenger-850 және Challenger-870 ұшағы (Канада);
- 4-уі Augusta Westland-139 (Италия) үлгісіндегі тікұшақ.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?