Bank RBK-ның проблемалы порфелімен жұмыс үстеу кезінде түскен қаражат банктің ірі кредиторлар алдындағы қарызын жабуға жұмсалады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков мәлімдеді.
Бүгін Парламент сенатының пленарды отырысында депутаттар Bank RBK пен Delta bank-те болып жатқан жағдайларды түсіндіруді сұрады.
"Қазіргі кезде Қазақстанда банк секторын сауықтыру мәселесі тенденцияға айналды. Ұлттық банк проблемалы банктерді сауықтару шараларын және жағдайды тұрақтандыру жұмыстарын енді ғана қолға алып жатыр. Мұндай жағдайда реттеуші бірінші кезекте тәуекел жасау модельдерін нақтылап, осындай жағдайларға жол бермеуі тиіс. Енді екінші деңгейлі банктерде осындай дағдарыстық жағдайларды алдын алу үшін қандай жүйелі шаралар жоспарланып жатыр? Проблемалы банктерге мелмекеттік компаниялардың қаржысын орналастыру бойынша кім жауап береді?", - деді сенат депутаты Ерболат Мұқаев.
Ал Олег Смоляков болса Bank RBK-ның проблемалы портфелі үшін берілетін 600 млрд теңге 5 жылда қайтарылуы мүмкін екенін айтты.
"Осы портфельмен жұмыс істеу кезінде түскен қаражаттың барлығы ірі кредиторлардан алынған қағаздарды төлеуге жұмсалады. Банк жүйесіндегі практикаға сүйене отырып, бұл несиелер кепілдендірілмегендіктен, қаражат пен материалдық емес активтерді қайтару бес жылға дейін болады деп болжап отырмыз", - деді Смоляков.
Айта кетейік, соңғы уақытта аталған банкке қатысты қаржы мәселелері туындаған болатын. Себебі Bank RBK қызметін қолданушылар ақша шешіп алу мүмкін болмағаны және кейбір студенттер стипендияларын ала алмағандары туралы айтқан. Осыдан кейін Ұлттық банк аталған банктен жағдайды реттеуді талап еткен. Ал Президент Нұрсұлтан Назарбаев банк жұмысы реттелетінін және кінәлілер жазаланатынын айтқан.
Сондай-ақ, ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев "Қазақмыс" корпорациясы Bank RBK-ға инвестор болуы мүмкін екенін хабарлаған еді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?