Бүгін Ranking.kz сарапшылары елімізде қартаю көрсеткішінің өскені туралы хабарлады. 2015-2016 жылдар аралығында әр 100 балаға 65 жастан асқан 26 адамнан келетін. Алайда, мамандардың айтуы бойынша, қазір туу көрсеткішінің төмендеуіне байланысты еліміздегі бұл көрсеткіш қартаю индексінің өскенін көрсетеді. Айта кетерлік жағдай, 2009-2014 жылдары қартаю көрсеткіші 28,3-тен 25,3 адамға дейін төмендеген.
Сонымен қатар, елімізде ауыл халқымен салыстырғанда қала тұрғындарының қартаю индексі жоғары. Қала тұрғындарының қартаю деңгейінің ең жоғарғы көрсеткіші Солтүстік Қазақстанға тиесілі, яғни 100 балаға шаққанда жасы 65-тен жоғары 62,2 адамнан келеді. Ал, осы көрсеткіш ауыл тұрғандарына шаққанда СҚО бойынша 53,3 адамды көрсетіп тұр. Ең төменгі көрсеткіш Атырау облысында, 14 адамды құрайды.
Алматы қаласында қартаю көрсеткіші Астанаға қарағанда екі есе жоғары. Бұл дегеніңіз бас қаланың жастар қаласына айналып келе жатқанының тағы бір көрінісі болса керек.
Мадина Керімқұлова


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?