Еуропадағы әрбір бесінші әйел және әрбір алтыншы ер азамат - 65 жаста. Ғалымдардың айтуынша, 2047 жылға қарай олар физикалық қабілетсіздігіне байланысты дәрігер көмегіне мұқтаж болуы мүмкін. BMJ Open медициналық журналы Еуропада күн санап өсіп келе жатқан қарттық мәселесі мен жалғыздықты таңдайтын (отбасын құрмау) жастар туралы зерттеу жүргізген.
Журнал қызметкерлерінің айтуынша, зерттеу нәтижелері денсаулық сақтау саласы бюджетіне жауапты азаматтарды қуанта қоймайды. Өйткені қарттар барлығы дерлік оларға қарайтын өз балалары мен жанұясы болмаған кезде киіну, күнделікті тамақтану сияқты қарапайым шаруаларды атқаруға қосымша күтуші мен медициналық қызметкерді қажет етеді.
Ғалымдар Еуропаның 26 елінде жүргізген зерттеу нысандары (қарттар) бір болғанымен, мәдени ерекшеліктерге байланысты әртүрлі нәтижелерге қол жеткізілгеніне таңданыспен айтады. Мәселен, Германияда 65 жастағы және одан жоғары әйелдердің 27 пайызы тым болмағанда бір дертімен дәрігерге жүгінсе, Нидерландының осы жастағы азаматшаларының тек 12 пайызын ғана белгілі бір сырқат түрі мазалайды. Яғни, бұл адамдардың тамақтану әдебі мен спортқа деген ынтасы, өмір салтына тікелей байланысты. Нидерландыда велосипед ең танымал көлік түрі екенін естіген боларсыз?!
Зерттеу тобының мүшесі Мариана Вебер: "Еуропадағы қарттардың саны алдағы 30 жылда осы қарқынмен арта береді. Бұл қосымша медициналық қызметкерлерге деген сұраныс тудыратыны және мемлекеттік шығынды арттыратыны даусыз", - дейді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?