Алматыда құқықтық қызмет көрсететін орталық ашылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Орталығының ашылуына ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов пен Алматы әкімі Бауыржан Байбек қатысты.
«Бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін құқықтық қызмет көрсету Орталығынан қала тұрғындары нақтылы іс бойынша өздеріне қажет барлық ақпаратты орталық операторларынан алады. Жұмыс форматы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына ұқсас, келушілер алдымен ресепшеннен өтіп, кеңес алады. Содан соң өздерін толғандырған мәселе бойынша операторларға барады, олар келушілерді прокурорларға, адвокаттарға, медиаторларға және басқа да мамандарға жібереді, бұлардың барлығы тегін заңгерлік ықзмет көрсетеді.
Құқықтық қызмет Орталығының жалпы көлемі 600 шаршы метр, заманауи инженерлік- техникалық қондырғылармен жабдықталған жайлы кеңсе, мұнда электронды кезек жүйесі, «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы, күту залы және басқа қажетті инфрақұрылымдар бар. Орталық қабырғалары шыныдан жасалған, ол құқыққорғау құрылымдарының ашықтықтығын, жариялылығын қамтамасыз етеді.
«Орталықтың міндеті сапалы құқықтық қызмет көрсету. Оның ашылуы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жұмысын ашық етеді және тұрғындардың сенімін арттырады. Әрбір алматылық құқық қорғау орталығына келген соң сапалы көмек алатынына сенімді болуы тиіс. Бізді қолдаған және орталықтың ашылуына барлық жағдайды жасаған Алматы әкімдігіне алғысымды білдіремін. Орталық қызметкерлерінің басты міндеті – сапалы қызметті қамтамасыз ету», - деді бас прокурор.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?