Бүгін, 15 маусымда Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 сотында"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің оппозиция белсендісі Жанболат Мамай мен оның әйелі Инга Иманбайдың үстінен түсірген шағымы бойынша сот шешімі оқылды. Сот айыпталушы тарап – Жанболат Мамай мен Инга Иманбайды Бауыржан Байбек жайлы дайындаған журналистік зерттеуін өшіруге міндеттеді. 

Мамай сот шешімімен келіспейтінін айтты.

Жанболат Мамай сәуірде Youtube-тегі "Демократиялы Қазақстан/Демократический Казахстан" арнасында "Бауыржан Байбек: Назарбаев сыныптасы баласының жемқор бизнес-империясы" атты зерттеу жариялаған. Ол зерттеуде Жанболат Мамай Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбекті "мемлекеттік қызметте жүріп үлкен бизнес-империя құрды", "Алматы әкімі болған 4 жылда 1 миллиард доллар заңсыз ақша тапты", "құрылысқа және көлік тұрағына" қала аумағының және Іле-Алатау ұлттық паркінің "жерін берді", "пара алды", "көмір мафиясын құрды" және Алматыдағы ЖЭС-2-ні "газға көшіруді кешеуілдетті", "адам құқықтарын бұзды" деп айыптаған.

"The Qazaq Times"